Барлық қызмет бағыттары
VSUD KZ / ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ
Дауларды шешу
Сотқа дейін реттеу, сотта қорғау және мемлекеттік органдардың тексерулерін сүйемелдеу.
Азаматтық және әкімшілік дауларды шешуге көмектесеміз: құқықтық ұстанымды бағалаймыз, келіссөздер жүргіземіз және барлық сот сатыларында клиенттердің мүдделерін білдіреміз. Сот және төрелік шешімдерін тану мен орындауды сүйемелдейміз, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тексерулері кезінде клиенттердің мүдделерін қорғаймыз.
Құқықтық талдау және сотқа дейін реттеу
- Даулы жағдайға алдын ала құқықтық талдау жасау және оны шешу перспективалары туралы заңдық қорытынды дайындау.
- Сотқа дейін реттеу: наразылықтар дайындау, келіссөздер жүргізу, дауды реттеу туралы келісімдердің, оның ішінде медиация тәртібімен жасалатын келісімдердің және татуласу келісімдерінің жобаларын әзірлеу.
Сотта қорғау
- Азаматтық және әкімшілік даулардың барлық санаттары бойынша барлық сот сатыларында клиенттердің мүдделерін білдіру.
- Процестік құжаттардың барлық түрлерін: талап қоюларды, шағымдарды, өтінішхаттарды, пікірлерді, қарсылықтарды және басқа құжаттарды дайындау.
Шешімдерді тану және атқарушылық іс жүргізу
- Шетелдік соттардың шешімдерін, арбитраждық және төрелік сот шешімдерін Қазақстан Республикасында тану және мәжбүрлеп орындату бойынша кеңес беру және жәрдемдесу.
- Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру және сот актілерінің орындалуын сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың тексерулері және олармен даулар
- Мемлекеттік органдар тексерулер жүргізген кезде клиенттердің мүдделерін білдіру.
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік актілеріне, әрекеттеріне және әрекетсіздігіне дау айту.
